Өз тобымызда сенімді ойнадық

18.02.2018

Қазақстанның шағын ракеткадан жас спорт шеберлеріміз Чехияның үстел теннисінен Ашық чемпионатында өз ойындарын аяқтады. Жасөспірімдер арасындағы турнирде (18 жасқа дейін) Айдос Кенжеғұлов (Батыс-Қазақстан облысы) және 14-жастағы Ескендір Харки (Жамбыл облысы) өз топтарында екінші орын алды, алайдажеке разрядтың негізгі торына шығып қарсыластарына жол берді. Сарвиноз Мірқадырова (Оңтүстік Қазақстан облысы) және Ангелина Романовская (Павлодар облысы) кадеттер арасындағы (15 жасқа дейін) турнирді сәтті өткізді. Сарвиноз қарсыласы Хелена Соммерованы (Чехия) 3:2 есебімен жеңді, Сұқран Санжір (Түркия) 3:1, Роми Райтер (Австрия) 3:0 Сарвиноз өз тобында бірінші орынды иеленді. Ангелина да өз тобында бірінші орында. Ол Елзбиета Квитковскадан (Польша) 3:0 есебімен, және Франциска Падтан (Венгрия) 3:0 есебімен мығым түсті. Біздің екі спортшымызда финалдың 1/32 бөлігіне жетіп, онда Ангелинаны қытайлық Джанг Хиаую тоқтатты, ал Сарвинозға Анна Клемперерова (Чехия) тосқауыл болды.