Оқушылар арасындағы спартакиада

16.04.2018

18 сәуірде Таразда «олимпиядалық резерв дайындау орталығының» спорт кешенінде оқушылар және Қазақстан республикасы колледждерінің оқушылары Спартакиадасы бағдарламасында үстел теннисінен турнир басталады. Оған Астана, Алматы құрамалары, республиканың облыс орталықтары қатысады. Ұйымдастырушылар: Қазақстан үстел теннисі Федерациясы және ҚР білім және ғылым Министрлігінің дене тәрбиесі Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.



Талап Қойбағаров