Оқу, оқу және оқу

02.08.2019

Алматы облысында Бүкіләлемдік бокс Академиясының спорт кешенінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен үстел теннисі шеберлерінің оқу-жаттығу жиыны өтуде: "Екінші жыл осы жерде оқу-жаттығу жиынын өткіземін және спортшылармен бірге ойын стилін жақсартуға, техниканы оңтайландыруға, тәртіпті арттыруға тырысамыз. Қазір жұмыс өз нәтижелерін бергенін көрудемін, жас теннисшілерде жақсы техника бар және біз келесі қадам жасаймыз, басқа мәселелермен айналысамыз - психология, қарқындылықты арттыру, допты беру, допты алу тәсілдері сияқты. Осы жиында техника екінші орынға шығады және мен бұл үдеріске менталдық жаттығуды енгізуге тырысамын. Бұл психологиялық жаттығулар кешені, оның арқасында спортшы өз эмоцияларын, ойларын бақылау және басқару жолымен жетістіктерін жақсартуға тырысады. Менталды жаттығу дене жаттығуларын толықтырады және теннисшіге жаттығуларды жетілдіру барысында өз мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, соққы сапасын, қозғалыс сапасын арттырамыз. Залда біз ойынның егжей-тегжейлерімен жұмыс істейміз, ал конференц-залда теорияны зерттейміз, жаттығулардың саны мен ұзақтығын азияның мықты спортшыларымен салыстырамыз. Олар сияқты сегіз сағаттық жаттығу күніне шығуға тырысамыз. Біз залда алты сағат боламыз (20% теория, дене шынықтыру, 80% ойын және оның аспектілері). Тағы екі сағат теория, бассейн, монша. Алға жылжу үшін ОЖЖ-да бүкіл әлем бойынша белсенді қолданылатын "ДКМ" (Доптың көп мөлшері) жаттығуына ерекше көңіл бөлу қажет. "ДКМ"-нің оң жақтары анық - бұл соққыны бірнеше рет қайталау және ойын жағдайларын өңдеу; қозғалуды, айналуды, соққы күшін және дәлдігін жаттықтыру; техника мен орындау жылдамдығын шоғырландыру болып табылады. "ДКМ" үшін көп доптар қажет және жаттығуды 6-8 үстелде (бір үстелге 200-ге жуық доп) бір уақытта өткізу керек, бұл жаттығудың тиімділігін бірнеше есеге арттырады".


Талап Қойбағаров