ОТМК Кубогі – 2018

23.11.2018

25 қарашадан 28 қарашаға дейін Жоғарғы Пышмада (Свердловск облысы) 21 және одан жас жасөспірімдер арасында үстел теннисі бойынша «ОТМК Кубогі» жыл сайынғы халықаралық турнир басталады. Дәстүрлі жарыс олимпиада жүйесі бойынша жеке және жұптасқан разрядта өтеді. Турнирдің жалпы жүлделік қоры 450 мың рубльді құрайды, жеке разрядтағы чемпион 200 мың рубль (1 млн. 120 мың теңге) алады. Қазақстаннан республиканың жастар чемпионатының алтын медалын алған Дастан Кенжеғұлов (Орал), қола жүлдегер Владислав Захаров (Қарағанды),жас өспірімдер біріншілігінің жеңімпаздары Сағынтай Құрмамбаев (Семей) және Искандер Харки (Жамбыл облысы) жарысқа қатысады. Жерлестерге табыс тілейміз!

Талап Қойбағаров