Орал жағалауындағы чемпионат

10.04.2021

13 сәуірде Орал қаласында үстел теннисінен 2003 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында жеке-командалық Қазақстан чемпионаты басталады. Жарысқа қатысушылар арасында ересектер арасындағы ел чемпионатының алтын жүлдегерлері: Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) сияқты спортшылар бар. Осы жастағы барлық мықты спортшылар, ұлттық және жастар құрамаларының мүшелері: Әнел Бақыт, Ескендір Харки, Сағантай Құрмамбаев, Ангелина Романовская, Санжар Жұбанов, Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Абдұл - Мәжит Харки және басқалары өнер көрсететін болады.

Қиын эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, чемпионат көрермендерсіз өтеді.

Талап Қойбағаров