Оманға Францияны айналып өту арқылы

17.12.2020

2021 жылғы 26 сәуір мен 2 мамыр аралығында Бордода (Франция) өтетін ардагерлер арасындағы үстел теннисінен 20-шы әлем чемпионаты (WVC) тоқтатылды. Ұйымдастыру комитеті бұл туралы келесі мәлімдемені жариялады: "Біз COVID-19-ға байланысты WVC біржолата болмайтынын үлкен өкінішпен жариялаймыз. Біз барлық мүдделі тұлғаларды жинадық, әлемдегі жағдайды талқыладық, қауіп-қатерді бағаладық және ортақ пікірге келдік. Спортшылардың, олармен бірге жүретін адамдардың, төрешілердің, еріктілердің денсаулығы біздің басты міндетіміз болып табылады. Ардагерлер арасындағы келесі Әлем чемпионаты 2023 жылдың қаңтарында Оманда өтеді".

Талап Қойбағаров