Олимпиада ынтымақтастығы

08.05.2020

"Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында 24 қазақстандық спортшы, оның ішінде үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименкода бар, тағы бір жыл бойы Халықаралық Олимпиада Комитетінің стипендиясын алатын болады. Стипендия Токиода (Жапония) 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызы аралығында өтетін жазғы Ойындарға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді! Еліміздің ұлттық құрама командаларының мүшелері Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.

Талап Қойбағаров