Олардың есімдері де аталады

08.06.2021

2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты Алматыда басталды. Ұлдарда 16 команда, қыздарда 13 команда өнер көрсетуде. Кіші топтардағы ойындардан кейін "финалдық сегіздік" анықталды, олар сәрсенбіде командалық есепте медальдарға таласатын болады:

Ұлдар - Алматы, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау облыстары.

Қыздар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстары.

Алты-сегіз жыл бұрын осындай чемпионатта алғаш рет қазір спорт шеберлері болып табылатын жас теннисшілермен танысқан болатынбыз - олар: Сарвиноз Мирқадірова (қазіргі Қазақстан чемпионы), Алан Құрманғалиев (Қазақстан чемпионы), Әнел Бақыт (жұптық және аралас разрядтардағы Қазақстан чемпионы), Ескендір Харки (Жастар спорттық ойындарының күміс жүлдегері), Ангелина Романовская (жұптық разрядтағы Қазақстан чемпионы), Сағантай Құрмамбаев (жұптық разрядтағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионы), Александра Смирнова (командалық есептегі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы), Санжар Жұбанов (жұптық разрядтағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионы). Біраз уақыттан кейін жарыстың қазіргі қатысушыларының есімдері де бүкіл республика бойынша естілетініне сенімдімін.


Павлодар: Аяна Ысқақова, Каролина Бондарь, Полина Починок, Инабат Балтабек, Іңкәр Балтабек


Алматы: Айша Жеңіс, Айназ Әділгереева, Таисия Травкина


Шымкент: Томирис Қосар, Мұхлиса Рустамбекова, Лаура Қасымбек, Әмина Уәли


Түркістан: Мәдина Нәзір, Жания Абидинова, Мафтуна Ханиязова, Шахруза Шавкатова


Талап Қойбағаров