Оқиға қайталануда

25.03.2023

Өткен жылы-2022 жылғы 10 сәуірде Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының финалдық матчтары өтті, онда жеке разрядта Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева және Сарвиноз Мирқадірова кездесті. Дәл 348 күннен кейін Қарағандыда, VI жазғы республикалық Спартакиадада алтын медальға үміткерлер анықталды - олар Кирилл Герасименко (Астана) - Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) - Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент). Оқиға қайталануда.

Владислав Захаров (Қарағанды облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Анель Бақыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) жеке есепте қола жүлдегерлер атанды. Спартакиада қызу өтіп жатыр.


Талап Қойбағаров