Наурыз мейрамы құтты болсын!

22.03.2020

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз біздің халқымыз үшін-бірлік пен мейірімділіктің символы, табиғаттың жаңаруын, бейбітшілік пен келісімділікті бейнелейтін ерекше мереке. Осы тамаша көктем мерекесі достықты, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайта берсін, әр жаңа күн сіздің үйіңізге бақыт пен амандық әкелсін!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.