Наурыз! Достық!

23.03.2019

Павлодардың «Баянтау» спорт сарайының спорт залында Қазақстан өңірлері мен Ресейдің Яровое қаласының (Алтай өлкесі) әуесқойлары мен кәсіпқойларының қатысуымен үстел теннисінен «Наурыз» дәстүрлі Халықаралық турнирі басталды. Медальдар, бағалы сыйлықтар келесі жас топтарында жеке есепте ғана ойнатылады: 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, ерлер 19-39 жас, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғарылар. Қыздар 18 жасқа дейін, әйелдер 19-35 жас, 36 жас және одан жоғары. Жарыстың бірінші күні жүлде үшін күреске белгілі отандық спортшылар, спорт шеберлері Дастан Кенжеғұлов (Орал) – жастар арасындағы елдің абсолюттік чемпионы, Александр Герасименко (Астана) – 2019 жылғы Қазақстан Спартакиадасының жұптық разрядта және командалық есептегі чемпионы, Алексей Мищук және Константин Бондаренко (Павлодар) – командалық есептегі ҚР Спартакиадасының қола жүлдегерлері.

Бүгін 19-35 жас аралығындағы әйелдер арасындағы «Наурыз» чемпионатының чемпион есімі белгілі болды – ол Павлодар тұрғыны Татьяна Каценко (Суретте), ол финалдық бірінші орын үшін жекпе-жегінде Семейлік Гүлсара Қапанованы жеңді.


Турнир жақсы қарқын алуда және оның қатысушылары Василий Божко (Ресейдің Яровое қ., Алтай өлкесі), Наталья Орлова (Павлодар облысының Ақсу қ.) өз әсерлерімен бөлісті.

Василий Божко: «Мен сіздерге жиырма жылдан астам уақыт бойы «Наурыз» турниріне келудемін, қазақстандық достармен қарым-қатынастан, сүйікті спорт түріндегі бәсекелестік рухынан шынайы ләззат аламын. «Наурызда» бірнеше рет жеке сынақта, аралас жұпта жеңіске жеттім. «Достық» деп аталатын осындай турнир көп жылдар бойы Яровое қаласында өтіп келеді, оған қазақстандық теннисшілер үнемі келеді. Алдағы уақытта да «Наурыз», «Достық» жарыстары біздің халықтарымызды біріктіреді деп үміттенемін».

Наталья Орлова: «Ақсу қаласынан келдім, үшінші рет қатысамын. 2017 жылы 5 орын алдым және осы жолы құрмет тұғырына жетуге үміттенемін. Менің қаламда үстел теннисі өте танымал, онымен әр жастағы адамдар айналысады. Өкінішке орай, материалдық база көңіл көншітерлік емес. БЖСМ жертөлесінде жаттығамыз, онда тек төрт үстел ғана бар. Осындай жағдайларда республикалық, ардагерлер арасындағы, балалар арасындағы жарыстарда табысты өнер көрсетудеміз. Өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар облысының үстел теннисі Федерациясының Президенті болып Достияр Ақанов тағайындалды, ол жұмысқа белсенді кірісті. Ол Ақсу теннисшілеріне де назар аударып, теннис үстелдерін, қоршау борттарын, жапсырмалар, доптар, киім-кешек сатып алуға көмектеседі және үстел теннисіне арналған залмен мәселені шешеді деп үміттенеміз».


Яровое қаласынан теннисшілер (Ресей)



Ақсу қаласының теннисшілері Әсем Байділдинова, Алма Біләлова және Наталья Орлова


Талап Қойбағаров