Наурыз айындағы өте қызықты жекпе-жектер

17.03.2023

20-26 наурыз аралығында Қарағандыдағы "Saryarka" үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді, онда барлық мықты спортшылар өнер көрсетеді - Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), Анастасия Лаврова (Астана), Денис Жолудев (Өскемен), Анель Бақыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Өскемен), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Айя Әлімбаева (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және басқалары.

Медальдар командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойналады. Өте қызықты жекпе-жектер күтілуде.

Талап Қойбағаров