Мықтылыққа тексеру

12.02.2020

12-16 ақпан аралығында үстел теннисінен екі еуропалық чемпионатта қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді. Зәуреш Ақашева (Қарағанды, суретте), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Гүлчехра Құсейінова (Орал) Португалияның (ITTF Challenge Plus, Лиссабон қаласы) ашық чемпионатында өнер көрсетеді және мұнда да әлемнің 55 елінен келген қатысушылардың жалпы саны 345. Жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Чехияның ашық чемпионаты (Junior & Cadet Open) Годонин қаласында өтеді. Оған 39 мемлекеттің атынан 320 теннисші қатысуға өтініш білдірді. Қазақстанның намысын Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Әнел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) қорғайды. Барлығына сәттілік!

Талап Қойбағаров