Мықтылармен жарысу-болашақ үлкен жеңістердің кепілі

04.04.2021

Орынборда "А" Жоғарғы лигасының әйелдер командалары арасындағы Ресей үстел теннисі Федерациясы чемпионатының 3-турының соңғыдан бұрынғы күні аяқталды. Қазақстандық "TTC Karaganda" командасы (Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина) "Луч-Росток" (Екатеринбург) командасын 3:1 есебімен жеңді, "Сабы-Татарстан" (Богатые Сабы қ.) командасына 0:3 есебімен, "Факел-1" (Орынбор қ.) командасына 0:3 есебімен жол берді. Төртінші сәуірде қарағандылықтар Мәскеуден келген "Малинка" командасымен кездеседі.

"TTC Karaganda" спортшылары Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Эрик Райтер Барнаулда Ресей чемпионаты аясында Суперлига көшбасшысы "Луч-Владимир" (Владимир) клубына 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ертең біздің теннисшілер "Алтай" (Барнаул) және СШОР №12 (Самара) командаларымен шайқастар өткізеді. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров