Мықтылардың арасындағы мықтылар

18.11.2020

Қытайдың Чжэнчжоу қаласы 19-22 қараша аралығында өзінің спорт алаңында "ITTF Finals" атты жаңа турниріне қатысатын үстел теннисінің әлемдік рейтингісіндегі мықты 16 теннисші қыздар мен 16 теннисші ұлдарды қабылдайды. Жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары: 1 орын - 50 000$, екінші орын - 30 000$, жартылай финал (2 адам) - 20 000$ - дан, ширек финал (4 адам) - 16 500$ - дан, бірінші айналым (8 адам) - 8000$ - дан.

Ойындар Чжэнчжоу Олимпиада орталығында өтеді және мұнда өз шеберліктерін көрсететіндер Фан Жендонг (ҚХР), Сюй Синь (ҚХР), Ма Лонг (ҚХР), Линь Гаоюань (ҚХР), Томокази Харимото (Жапония, суретте), Нива Коки (Жапония), Линь Юнь-Чжу (Тайбэй), Чан Уджин (Корея), Чжон Ёнсик (Корея), Маттиас Фальк (Швеция), Лиам Питчфорд (Англия), Патрик Франциска (Германия), Дмитрий Овчаров (Германия), Саймон Гаузи (Франция), Хьюго Кальдерано (Бразилия) және Куадри Аруна (Нигерия).

Әйелдер арасында жеке разрядта өнер көрсететіндер Чен Мэнь (ҚХР), Сунь Йнша (ҚХР), Ван Манью (ҚХР), Ван Иди (ҚХР), Мима Ито (Жапония), Касуми Ишикава (Жапония), Хитоми Сато (Жапония), Мию Като (Жапония), Фен Тяньвэй (Сингапур), Ду Хой Кем (Гонконг), София Полканова (Австрия), Петрисса Солья (Германия), Ченг И-Чинг (Тайбэй), Адриана Диас (Пуэрто-Рико), Чон Джихи (Корея) және Сух Хеовон (Корея).

Талап Қойбағаров