"MTV" емтихандайды

22.01.2022

22 қаңтарда құрамында Анастасия Лаврова (Қазақстан), Эдже Харак (Түркия), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Голландия) өнер көрсететін "SV SCOTT" интернационалдық клубы (Йена қ.) үстел теннисінен 2-ші неміс Бундеслигасы көшбасшыларының бірі - "MTV" клубына қарсы Тоштедтте матч өткізеді. Қарсыласы әйгілі, даңқты тарихы бар: 11 жыл бойы элиталық дивизионда сәтті өнер көрсетті. 2006 жылдан бастап клуб басшылығы "Аймақтың таланттарына мүмкіндік" атты ұранымен өз тұжырымдамасын өзгертті және Төменгі Саксонияның жас ойыншыларынан "MTV" клубын құра бастады. Осы маусымда "MTV" спортшылары 8 ойын өткізіп, 7 рет жеңіске жетті, турнир кестесінде 2-ші орынға ие болды және Германия чемпионатының бірінші дивизионына сенімді түрде ұмтылуда. "SV SCOTT" (Йена қ.) 5 орында.

Талап Қойбағаров