Мектеп чемпиондары

20.04.2021

Ұлттық Мектеп Лигасы (ҰМЛ) бағдарламасындағы үстел теннисі турнирінің финалдық кезеңі ағымдағы жылдың 11-15 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Командалық жарыстар екі санатта - 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды және төрт кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, қалалық/облыстық, республикалық (финалдық). ҰМЛ мақсаттары ізгі:

- Қазақстан оқушылары арасында үстел теннисін танымал ету және дамыту;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- оқу орны бойынша жарыстарға қатысу;

- болашағы бар жас теннисшілерді анықтау;

- үздік мектеп командаларын анықтау.

Талап Қойбағаров