Медальге толы себет

02.03.2018

Магнитогорск қаласында үстел теннисінен «Еуропа-Азия» атты, спорт шебері, бизнесмен Алексей Булаховты еске алу дәстүрлі Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті. Биылғы жылы бұл жарыс Ресей (Курган, Уфа, Орск, Сибай, Челябинск, Магнитогорск қалалары)мен Қазақстаннан (Қостанай қаласы және Алматы «Шаңырақ» республикалық спорт мектеп-колледжі ) келген рекордтық саны 160 спортшыны жинады. Үш күн бойы қазақстандықтар «Металлург» арнайы залында өз қарсыластарымен шайқасып, отанына алтын, күміс, қола медальдармен оралды. Жеке турнирде біздің жерлестеріміздің арасында көзге түскендер Есенгелді Рамазанов (алтын, 2002 ж.т), Темірлан Ким (алтын, 2004 ж.т), Евгений Тимченко (күміс, 2002 ж.т), Анель Бақыт (күміс, 2002 ж.т), Алина Борисюк (қола, 2002 ж.т), Айкерім Асықбек (күміс, 2002 ж.т) және Гүзел Торшаева (күміс, 2004 ж.т). Жұптық және аралас разрядында Евгений Тимченко - Максим Прадедов, Айкерім Асықбек – Темірлан Ким чемпион атанды. Жұптық сайыста Анель Бақыт – Максим Прадедов және Айкерім Асықбек – Анель Бақыт күміске ие болды. Сонымен қатар қола жүлде де бізде: Алина Борисюк – Гүзел Торшаева. Балалар мен олардың жаттықтырушыларын сәтті ойындарымен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Суретте (ортада) жұптық разряд чемпиондары қазақстандық Максим Прадедов және Евгений Тимченко.

Талап Қойбағаров