Медальдар көз жетер жерде

13.03.2019

Шымкентте Ақпан батырға арналған үстел теннисінен 2-ші Халықаралық турнир өтуде. Командалық жарыста «Хван Ман Гым-2» (қыздар) және «Қазақстан-1» (ұлдар) жеңіске жеткен болатын және одан кейін олар жеке есепте медальдарды сарапқа салуда. Үлкен жастағы ұлдар мен қыздарда (19-23 жас) бірінші орын үшін ойнайтын финалистер анықталды. Бұл жұптық разрядта Ресей чемпионатының қола жүлдегері Максим Киселев, Қазақстан Спартакиадасының жүлдегері Владислав Захаров (Қарағанды), Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері Розалина Қажиева және халықаралық турнирлердің жеңімпазы Кәмила Халикова (Өзбекстанның Ташкент облысы). Алтын медаль матчына жету үшін олар жартылай финалда Александр Тютрюмовты (Ресей), Бекұлан Жамалды (Қазақстан-1), Мәриям Иманованы (Әзірбайжан), Мәлика Ілхамжанованы (Қазақстан-1) жеңді.Кіші жастағы теннисшілер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер (18 жас және одан кіші) де бүгін белгілі болады.

Талап Қойбағаров