Медаль туралы ойларымен қоштасты

05.01.2021

Неміс Бундеслигасында шағын Рождестволық үзілістен кейін үстел теннисінен кезекті турдың матчтары қайта басталды, онда Кирилл Герасименко өнер көрсететін "Werder" (Бремен) клубы, Ной-Ульм қаласында "ТТС Neu-Ulm" клубымен ойнады. Қарсыласы мықты, ол турнирлік кестеде төртінші орынды иеленуде және оның құрамында жеке разрядтағы Еуропа чемпионы Эммануэль Лебессон (Франция), командалық есептегі Еуропа чемпионы Тьягу Аполония (Португалия), жұптық разрядтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хао Шугай (Қытай), кадеттер арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы Владимир Сидоренко (Ресей) сияқты атақты спортшылар бар. Кездесу "Werder" клубы үшін өте маңызды болды, өйткені жеңіске жеткен жағдайда "Werder" клубы үшін Германия чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі бар еді. Қызықты, тартысты ойын 0:3 есебімен "Werder" клубының жеңілісімен аяқталды және тоғызыншы орынға орналасқан бремендіктер осы маусымда медальдар туралы ойларымен қоштасты.

Эммануэль Лебессон («ТТС Neu-Ulm») - Марсело Агирре («Werder») 3:1;

Владимир Сидоренко («ТТС Neu-Ulm») - Маттиас Фальк («Werder») 3:1;

ТьягуАполония («ТТС Neu-Ulm») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:1.

Талап Қойбағаров