Марапатпен ораламыз

08.05.2018

Хальмстадта (Швеция) үстел теннисінен 54-ші әлем чемпионаты аяқталды. Үш дивизионнан тұратын (чемпиондық, екінші және үшінші)144 елдің спортшылары сегіз күн бойы жергілікті жанкүйерлерді, туристерді, жалпы шағын ракетка жанкүйерлерін қызықты ойындарымен, тартысты жекпе-жектермен қуантты. Кейбір құрамалар әлемдік рейтингте өз көрсеткіштерін жақсартты, басқалары бұрыңғы орындарында қалды, үшіншілері өз отандарына бастарын салбырата қайтты. Бірақ, сайстың ең басынан бастап барлығын бірдей күміс және қола жүлделерін қандай командалар алатыны қызықтырды, себебі алтын кубогі үшін Швецияға қытайлықтар ұшып келген болатын. Аспанасты елінен келген теннисшілердің қыздар командасы финалда 3:1 есебімен жапондықтарды жеңіп кетті, ал ерлер командасы немістерден мықтырақ болды 3:0. Үшінші орында Гонконг құрамасы (әйелдер), Біріккен Корея (әйелдер), Швеция (ерлер) және Оңтүстік Корея (ерлер).

Қазақстан делегациясы да әлем чемпионатынан құр қол келе жатқан жоқ -(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы біздің республикамызды Астанада өткен Гранд-Финал әлемдік турын өте жақсы ұйымдастырып және өткізгені үшін Арнайы жүлдемен марапаттады. Республикалық Федерациялар Атқару комитетінің мүшесі Елена Дружко ITTF Вице-президентінің Атқарушысы Ши Жихаоның қолынан лайықты марапатын алды.





Талап Қойбағаров, Хальмстад қ.