Ма Лонгпен кездесуді күтеміз

12.07.2022

Будапештте (Венгрия) WTТ Star Contender беделді турнирінің негізгі торына шығу үшін алдын-ала ойындар өтуде. Қазақстандық Кирилл Герасименко іріктелген спортшылардың арасында ертең 1/32 финалдан сәтті өтсе, оның қарсыласы Ма Лонгтың өзі болады: 5 дүркін Олимпиада чемпионы, 21 дүркін әлем чемпионы, 13 дүркін Азия чемпионы, ITTF әлемдік турының Гранд-финалдарының 7 дүркін жеңімпазы. Ұлы Қытай теннисшісімен кездесуді күтеміз.

Талап Қойбағаров