Әлемдік тур. Жеңіспен бастады

17.08.2018

Үстел теннисі бойынша Болгария ашық чемпионаты бастау алуда. Біліктіліктен және жарыстың негізгі торы басталғаннан кейін 168 қатысушылардан тек қана 16 спортшы қалды, олардың арасында Кирилл Герасименко (Астана) болды. 1/16 финалда біздің жерлестің қарсыласы – жұптасқан разрядтағы жас өспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, жас өспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері -тәжірибелі ресейлік Кирилл Скачков бар. Екі Кирилдің ойындары қызықты, тартысты және ең бастысы, болжамсыз болды. Есеп 4:3 және 1/18 финалда қазақстандық алға шықты. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) осы матч жайлы мынадай сұхбат берді: «Біздің қарсыласымыз біліктіліктен өткен және залдағы көрермендерге үйренген. Кирилл Герасименко үшін чемпионатта бұл бірінші ойын бұл әрине әрқашан ауыр, ол әлі сол ортаға дағдыланған жоқ. Оған сенімді бастап және 2:0-ге жеткізуге сәті түсті. Алайда Скачков өзінің ойынын тапты және қателеспеді. Герасименкоға белсенді түрде ойнауға көп уақыт керек болды және тек жетінші партияда өзінің динамикалық шеберлігін таба білді. Екі жарым айдан кейінгі үзілістен кейін бірінші ресми матчта Кирилл Герасименко жақсы көрініс көрсетті».

Суретте: Дмитрий Левенко мен Кирилл Герасименко

Талап Қойбағаров