Әлем чемпионатының жаңа күндерін күтеміз

30.03.2020

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясының Атқарушы комитеті, 2020 жылдың 30 маусымына дейін барлық халықаралық жарыстарды уақытша тоқтату туралы өз шешімінің күшін ұзартты. Бұл дегеніміз, Пусандағы кейінге қалдырылған командалық әлем чемпионаты (Оңтүстік Корея, жоспарланған күн 22-29 наурыз, жаңа алдын ала белгіленген күн 21-28 маусым) тағы да түзетуді қажет етеді. ITTF әлемдік форум өткізу мерзімін жариялауды келесі аптада жоспарлап отыр. Күтеміз.

Суретте әлем чемпионатының тұмарлары "Ana" (көк жапсырма) және "Onna" (қызыл жапсырма) аттары бар шағалалар.

Талап Қойбағаров