Әлем чемпионатына үздіктерді іріктейміз

16.01.2018

Швециядағы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу кезеңдерінің бірі - Алматыда үстел теннисінен республикалық турнир аяқталды. 16 үздік ер және әйел теннисшілер үш күн бойы жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерін анықтады.15 ойынның 14 жеңіске жетіп, ерлер арасында үздік болып Өскемендік спорт шебері, австрия «Badener AC» ( Баден қ.) клубының ойыншысы Денис Жолудев атанды. Екінші және үшінші орындарда тиісінше Самат Бейсенов (Алматы) және Эрик Райтер (Қарағанды) орналасты.

Әйелдер арасында қарағандылық Наталья Сладкова үздік болды, ол шешуші бірінші орынға ие болу ойынында 3:1 есебімен астаналық Анастасия Лаврованы жеңді. Үшінші орынды Орал қаласынан Гүлчехра Хусейнова иеленді.