Күн, ауа және су - біздің ең жақсы достарымыз

11.08.2022

Италияның Адрия жағалауында, Сенигаллия қаласының Еуропалық жаттығу орталығында қазақстандық және "KSV" неміс клубы (Кассель қ.) теннисшілерінің оқу-жаттығу жиыны өтті. Күнделікті мазмұнды бағдарлама: 7-00-де тәңертеңгілік жаттығу, теңіздегі міндетті су рәсімдері, күніне екі рет жаттығу және жалпы дене дайындығы. Жиын соңында Сарвиноз Мірқадірова, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Алиса Цвигун үстел теннисінен Шведтің Хельсингборг қаласына "WTT Youth Contender" турниріне аттанды.


Талап Қойбағаров