Көктемгі күн мен түннің теңелу күнінде ойнаймыз

18.03.2019

22 наурызда Павлодарда «Баянтау» спорт кешенінде Ресей, Қазақстан қалаларының әуесқойлары мен кәсіпқойларының қатысуымен үстел теннисінен «Наурыз» дәстүрлі Халықаралық турнирі басталады.Медальдар, бағалы сыйлықтар келесі жас топтарында жеке сынақта ойнатылады:18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, ерлер 19-39 жас, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғары. Қыздар 18 жасқа дейін, әйелдер 19-35 жас, 36 жас және одан жоғары.

Талап Қойбағаров