Кіші ракетка шеберлерінің үлкен үміті

08.04.2020

Пусандағы (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен 55-ші командалық әлем чемпионаты ағымдағы жылдың күзінде өтеді: 27 қыркүйек - 4 қазан. Бұл 7 сәуірде өткен ITTF Атқарушы комитетінің шешімі. Бастапқыда командалық жарыстар 22-29 наурызға жоспарланған болатын, бірақ covid-19 коронавирусына байланысты 21-28 маусымға ауыстырылды. Енді ITTF және Корей үстел теннисі қауымдастығы ойыншылардың, жаттықтырушылардың, жанкүйерлердің, ресми тұлғалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөле отырып, жағдайды қадағалауды жалғастырады.

Талап Қойбағаров