Кирилл Герасименко "WTT Сontender Almaty" чемпионын жеңді

20.09.2022

Неміс Бундеслигасының 4 - ші турында "Werder" (Бремен) клубы TTC (Фульда) клубын қабылдады және екі клубтың құрамында Қазақстанның оңтүстік астанасында жақында аяқталған "WTT Сontender Almaty" қатысушылары өнер көрсетті - бұл турнир чемпионы Рувен Филус (ТТС), жұптық разрядтағы күміс жүлдегер Маттиас Фальк ("Werder"), біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко ("Werder"), Марсело Агирре ("Werder"). Бремен матчты жақсы өткізіп, маңызды жеңіске жетті 3:0:

Маттиас Фальк - Александр Кассен 3:0 (11:3, 11:5, 11:4)

Марсело Агирре - Квадри Аруна 3:2 (11.8, 7:11, 7:11, 11:7, 11:8)

Кирилл Герасименко - Рувен Филус 3:0 (11:9, 11:6, 11:5).

Германия чемпионатының 12 клубы арасында "Werder" 5 орында.

Талап Қойбағаров