Кирилл Герасименко: "Қазақстанда мықты теннисші - Алан Құрманғалиев пайда болғанына өте қуаныштымын"

12.04.2022

Павлодарлық "Jenimpaz" үстел теннисі орталығында Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты аяқталды. Дәстүр бойынша жарыстың соңғы күні жеке, жұптық және аралас разрядтарда барлық медальдардың иегерлері анықталды.

Ерлер.

1-Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан);

2-Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы);

3-Ырысбек Артықметов (Шымкент);

3-Ескендір Харки (Жамбыл облысы).

Әйелдер.

1-Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы);

2 - Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент);

3-Ангелина Романовская (Павлодар облысы);

3-Айя Әлімбаева (Алматы).

Ерлер, жұптық разряд.

1-Алан Құрманғалиев / Эрик Райтер (Қарағанды);

2-Денис Жолудев / Ескендір Харки (ШҚО / Жамбыл облысы);

3-Бақдәулет Әкімәли / Ырысбек Артықметов (Шымкент);

3-Владислав Захаров/Деас Марқабаев (Қарағанды / Алматы).

Әйелдер, жұптық разряд.

1-Зәуреш Ақашева / Сарвиноз Мирқадірова (Қарағанды / Шымкент);

2-Әнел Бақыт / Ангелина Романовская (Шымкент / Павлодар облысы);

3-Айя Әлімбаева / Алина Борисюк (Алматы / Қостанай облысы);

3-Анастасия Лаврова/Гүлчехра Құсейінова (Нұр-Сұлтан / БҚО).

Аралас разряд.

1-Эрик Райтер / Анастасия Лаврова (Қарағанды / Нұр-Сұлтан);

2-Владислав Захаров / Зәуреш Ақашева (Қарағанды);

3-Ырысбек Артықметов / Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент);

3-Денис Жолудев / Арай Әшкеева (ШҚО / Қарағанды).

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, "Вердер" (Бремен қ.) неміс клубының спортшысы Кирилл Герасименко чемпионаттан алған әсерімен бөлісті: "Финалда менің қарсыласым 15 жасар, дарынды Алан Құрманғалиев болды. Бізде ойын стилі шамамен бірдей, Алан допты ұзақ уақыт бойы үстелде ұстайды, техниканы жақсы меңгерген, жігерлі және нағыз күрескер. Қазақстанда мықты теннисші Алан Құрманғалиев пайда болғанына өте қуаныштымын, ол біздің құраманы күшейтті. Барлық ұйымдастырушыларға жақсы чемпионат үшін рахмет, ал "Jenimpaz" үстел теннисі орталығы өте әсерлі. Еуропада осындай орталық екеу ғана бар - Германияда, Португалияда, ал республикада қазірдің өзінде Қарағандыда, Алматыда, Таразда, Павлодарда бар. Біз мұнда көшбасшымыз, бұл өте жақсы".

Талап Қойбағаров