Кирилл Герасименко 1/8 финалда

19.01.2018

Үстел теннисінен XXIII Әлемдік тур осы күндері Будапешт - қаласында өтіп жатыр, бұл Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко үшін сәтті болып отыр. Тура бір жыл бұрын 2017 жылдың қаңтар айында Кирилл осы жерде Венгрияның 21 жасқа дейінгілер арасындағы Ашық чемпионатын жеңіп алған болатын. Биылғы спорт маусымын біздің теннисші қайтадан Дунайдың жағасында бастап отыр, әзірге сәтті ойын көрсетуде. Бүгінде Кирилдің қыспақты шабуылдарынан кейін швед ойыншысы Маттиас Карлссон жеңіліс тапты.Алдыңғы екі күнде төрт бірдей жігерлі жеңіс болды. Кирилл Герасименко 1/8 финалына шықты. Жарайсың, Кирилл!