Кирилді Fаng Bо ғана тоқтата алады

17.11.2017

Әлемдік турдың барлық салаларының арасындағы мықтылығы бойынша екінші болып табылатын - Стокгольм қаласында Швецияның Ашық Чемпионаты өтуде. Қатысушылардың құрамы мықтылардан жасақталды, Магдебургтегі алдыңғы турнирге бара алмаған сондағы көптеген ойыншылар,тура сол Стокгольмге баруды шешті. Осы турнир 2017 жылы соңғы және бұл рейтингке қандай да бір өзгерістер енгізуге және желтоқсан айында Гранд-Финал өтетін Астана қаласына баруға да соңғы мүмкіндік. Ал бір жылдың ішінде Әлемдік Турдың міндетті 5 саласына квота жинақтау үшін кейбір спортшыларға қатысу қажет. Қазақстандық Кирилл Герасименко сенімді ойындарымен өзінің жолында Lam Siu Hang (Гонконг), Angelakis Konstantinos (Греция), Dyjas Jakub (Польша), GerellPar (Швеция) сияқты мықты теннисистерді артқа тастап 1/16 финалға дейін жетті.Кеше 2015 жылғы жеке әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2016 жылғы командалық есепте әлем чемпионы және 2017 жылғы аралас разрядтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Fаng Bо (Қытай) Кирилге қарсы тұрды. Спортшылар жанкүйерлерді жақсы ойындарымен қуантты. Fаng Bо-ның шеберлігі жоғары болды және ол 4:1 (11:4, 11:8, 11:7, 9:11, 12:10) есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Кирилл Герасименко әлемдік жоғары теннисистердің біріне айтарлықтай қарсы тұра білді.