Катар-2020 ашық чемпионаты

05.03.2020

Дохада үстел теннисі бойынша жүлде қоры 400 000 АҚШ долларымен Катардың ашық чемпионаты өтіп жатыр. Платина турниріне әлемнің алғашқы ондаған спортшылары, ерлер мен әйелдер де келді, олар медаль үшін ғана емес, рейтингтік ұпай үшін де, жақсы ақшалай сыйақы үшін де жарысады. Қазақстандықтар Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова біліктілігі бойынша өнер көрсетіп, өкінішке орай, Qatar Open негізгі торына шықпады. Кирилл Вэй Шихаоны (Хорватия) 4:3 ұтып, венгр Адам Судиге 3:4-пен жол берді. Анастасия жапондық Хонока Хашимотодан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Талап Қойбағаров