Каспий теңізінің жағалауында

30.12.2020

Маңғыстау облысы үстел теннисі Федерациясының төрағасы, "Саѕрi Bitum" БК ЖШС Бас директоры Ерболат Қожабаев өңірдің кіші ракетка шеберлері үшін оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Спортшылар 2021 жылдың басты стартына - 11 мен 17 қаңтар аралығында Қарағандыда өтетін Қазақстанның жеке-командалық чемпионатына дайындықтарын көрсетті. Ерболат Өмірсерікұлы жаттықтырушылар мен теннисшілердің позитивті көңіл-күйлерін атап өтіп, оларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыс етті, маңғыстаулықтарға денсаулық, табыс және ел чемпионатында тамаша өнер көрсетуді тіледі!

Талап Қойбағаров