Карантин жағдайындағы жаттығулар

01.04.2020

Коронавирустық жұқпаның таралуының алдын алуға байланысты барлық мүмкін болатын шектеулер кезінде, үстел теннисінің шеберлері карантин жағдайында жаттығуларын жалғастыруда. Бүгін біздің назарымызды Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Эльмира Мэйл (Зайнабудинова) аудартты. Ол спорт шебері, 1995 жылғы еліміздің абсолюттік чемпионы, командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтардағы республиканың бірнеше дүркін чемпионы. Көптеген жылдар бойы ол Калифорнияның оңтүстігінде Лос-Анджелесте тұрады. 2007 жылы Дэн Фоглер, Кристофер Уокен, Мэгги Кьюдің қатысуымен «Шары ярости» атты Голливудттық комедия фильмінің эпизодында ойнаған. Бейнетаспада Эльмира күйеуі Криспен үй маңында ойнап, шағын үстелде жаттығуда https://www.instagram.com/p/B-bNJ6TnW2e/

Талап Қойбағаров