IV-ші, финалдық тур желтоқсан айында өтеді

10.10.2022

Алматыдағы " ADD " үстел теннисі Орталығында екінші лиганың он бір командасы және үшінші лиганың он тоғыз командалары арасында еліміздің ашық командалық чемпионатының үшінші турының матчтары аяқталды. Үш күндік жекпе жектің нәтижелері келесідей:

II-ші лига.

1 орын «Dream Team» (Алматы, Андрей Переверзев, Жандос Қасымбаев, Елена Бейсенова, Любовь Никифорова),

2 орын «Мартөбе БЖСМ-12» (Шымкент),

3 орын «Сұңқар» (Шымкент),

4 орын Қостанай,

5 орын «Aurora» (Астана),

6 орын «Deaf» (Қостанай),

7 орын «TT Prime» (Қарағанды),

8 орын «Топжарған» (Шымкент),

9 орын «ASM» (Бішкек),

10 орын ОРОМБЖСМ-3 (Қарағанды),

11 орын ОРОМБЖСМ-2 (Қарағанды).


Үшінші лигада финал екі топта өтті:

№ 1 топ.

1 орын жазғы спорт түрлері бойынша ЖСШМ (Өскемен, Кирилл Сотник, Сергей Коновалов, Әлібек Нарубаев, Анна Ясакова, Әліби Шоманов),

2 орын ШҚО-2 (Өскемен),

3 орын Түркістан.

№ 2 топ.

1 орын "Арыстан" (Орал, Нұрдәулет Нугай, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев),

2 орын "Ақ Алтын" (Жетісай),

3 орын Тараз.

IV, финалдық тур желтоқсан айында өтеді.


Суретте үшінші турдың жеңімпаздары "Арыстан" (Орал) және жазғы спорт түрлері бойынша ЖСШМ (Өскемен) көрсетілген.


Талап Қойбағаров