ITTF рейтингі жаңартылды

09.12.2020

Коронавирустық пандемияға, одан кейінгі карантинге және көптеген жарыстардың кейінге қалтырылуына байланысты (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясы осы жылдың сәуір айында планетаның үздік спортшыларының рейтингін тоқтатып қойды. Бұл бір мақсатпен жасалды - бұрын жеңіп алған ұпайларды сақтау үшін. Енді, "Рестарт" сериясындағы қараша айындағы үш турнирден кейін (яғни, "қайта жүктеу") рейтинг қайтадан іске қосылды, ал ең мықты алты теннисші келесідей ұсынылады. Әлем кубогындағы жеңісінің арқасында өз орнын нығайтқан Фан Жендонг (Қытай) ерлер арасында бірінші орында қалды. Одан кейін қытайлықтар Сюй Синь, Ма Лонг, Линь Гаоюань, жапондық Томокази Харимото және Уго Кальдерано (Бразилия) көш бастауда.

Әйелдер арасында бірінші орынды қытайлық теннисші Чен Мэнь иеленді, ол Әлем Кубогында да, ITTF финалында да жеңіске жеткен болатын. Екінші орында Сунь Йинша (Қытай), үшінші орында Мима Ито (Жапония). Олардан кейін әлемдік рейтингте көш бастайтындар Ван Мань, Динь Нин және Чжу Юлинь, барлығы Аспан асты елінен.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 46-шы орынды сақтап қалды. Бұрынғы КСРО республикаларының кіші ракетка шеберлерінің арасында Кирилдің алдында тек әйгілі Белорусь ойыншысы Владимир Самсонов ғана тұр (27 орын). Ресейлік Кирилл Скачков 54-ші орында.

Талап Қойбағаров