ITTF рейтинг кестесінде жоғарылау

14.03.2023

Португалиядағы "WTT Youth Contender" турнирінде үздік өнер көрсеткеннен кейін (екі алтын медаль) қарағандылық Алан Құрманғалиев Халықаралық үстел теннисі Федерациясының рейтингінде өз позициясын жақсартты.

17 жасқа дейінгі спортшылар арасында 10-шы орында болған, ал қазір 5-ші орында.

19 жасқа дейінгілер арасында ол 22-ші орында болған, ал қазір 12-ші орында.


Талап Қойбағаров