ITTF Президентін әлем чемпионатында сайлай ма?

07.06.2021

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының атқарушы комитеті алдағы ITTF Президенттік сайлауы мен жыл сайынғы жалпы жиналысты талқылайтын кеңес өткізді. Бұрынғы 18 қыркүйекке бекітілген күнді Хьюстонда (АҚШ) өтетін жеке әлем чемпионаты кезіне, яғни 2021 жылғы 23-29 қараша кезеңіне ауыстыру жоспарланып отыр. Бірақ түпкілікті шешім 4 шілдеде ITTF атқару комитетінің отырысында күтіледі.

Суретте Томас Вайкерт - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ITTF Президенті.

Талап Қойбағаров