(ITTF) Халықаралық үстел теннисінің Федерациясы ережелерге өзгерістер дайындауда

21.05.2019

2022 жылы Чэндудегі (Қытай) командалық әлем чемпионаты жаңа жүйе бойынша өтеді.

Турнирдің ақтық кезеңіне 32 команда қатысады:

- 1 квота өткізуші қауымдастыққа берілді;

- 25 орын құрлықтар арасында бөлінеді (Африка - 3, Азия-8, Еуропа - 9, Латын Америкасы-3, Солтүстік Америка-1, Мұхиттар-1);

- тағы 6 құрама құрлықаралық біліктілік қорытындысы бойынша іріктелетін болады.

Әлем чемпионаты екі кезеңнен тұрады. Барлық 32 қатысушы ел 8 топқа бөлінеді. Өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар, олимпиада жүйесі бойынша өтетін келесі кезеңге шығады.

2021 жылдан бастап Хьюстондағы (АҚШ) жеке әлем чемпионатына да өзгерістер енгізілетін болады. Жеке разрядқа 128 спортшы қатысады. 93 орын 6 құрлықтың арасында бөлінеді, тағы 32 спортшы әлемдік рейтинг бойынша іріктелетін болады. Өткізуші ұйым 3 квота алады.

Әрбір құрлықтың қатысушылар саны 3 компонентті қамтитын динамикалық формула бойынша есептелетін болады:

әмбебап, өнімділік және белсенді қатысу. Әмбебаптылық әрбір континент үшін соңғы кезеңде кем дегенде 1 орынға кепілдік береді. Өнімділігі дегеніміз әлемдік рейтингтегі 256 үздік ойыншылар қатарындағы жұмыс істеп тұрған ойыншылар саны болып табылады. Және ақырында, белсенді қатысқаны үшін бонустарды, әлем чемпионатына қатысатын қауымдастықтардың саны көп континенттері алады.

Жұптық және аралас жұптық разрядтарға 64 жұптан қатысады. 47 дуэт құрлықтық біліктілік қорытындысы бойынша, 15 - і әлемдік рейтинг бойынша іріктеліп алынады, тағы 2 орынды турнирді ұйымдастырушы ел алады. Континенттік квоталарды бөлу үшін жеке разрядта пайдаланылатын динамикалық формула қолданылатын болады.

Құрлықтағы орын саны алдын ала жарияланады. Айта кету керек, квота тұрақты емес, ол чемпионаттан чемпионатқа өзгеруі мүмкін. Турнирдің жаңа жүйесі 2019 жылы қыркүйекте Нантта өтетін Конгресте пысықталатын болады.

Үстел теннисінің халықаралық федерациясы ақ доптарды сары доптарға ауыстыру мүмкіндігін талқылауда, сондай-ақ ойыншыларға Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада Ойындарынан кейін ракеткалар үшін түрлі-түсті жапсырмаларды пайдалануға рұқсат беруі мүмкін.

Ағымдағы ережелерге сәйкес, ойыншылар тек қызыл және қара түстерді пайдалануға міндетті. Бұл пункттегі жұмсақтық істер үстел теннисінің визуалды тартымдылығын арттыруы тиіс. Дегенмен, ойыншыларға тек қызыл жапсырманы өзгертуге рұқсат етіледі, ракетканың екінші жағы қара болып қалады. "Өзгерістер спортшылар мен көрермендердің допты көру мүмкіншілігіне әсер етпеуі керек. Түстерге байланысты кейбір шектеулер бар, жапсырмалардың барлық нұсқаларын алдын ала біздің құрал-жабдықтар мен мүкәммалдар – бөлімінің мамандары тексеретін болады", - дейді атқарушы директор Стив Дэйтон.

Сондай-ақ, ITFF Олимпиада ойындарынан кейін ақ доптың орнына сары доптармен бірнеше тестілік турнирлер өткізетін болады. ITTF президенті Томас Вайкерт бұл мәселе әзірге талқылануда: "Бұл доптардың теледидарлық суретте қалай көрінетінін, сондай-ақ ойыншылардың пікірін білу керек" деп айтты.