Іске сыбанып кірісеміз

30.01.2023

Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ерік Есенов - Ұлытау облысы үстел теннисі Федерациясының төрағасы болып сайланды.

Ерік Есенов: "Облыс жаңа, 2022 жылғы 8 маусымда құрылған. Үстел теннисіндегі істермен мұқият таныстым. Бізде екі секция жұмыс істейді: Жезқазған қаласының "Спортты дамыту орталығында" және Сәтбаев қаласының "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде". Статистикаға сәйкес, үстел теннисімен 300-ден астам адам айналысады, оның 50-і кәсіби түрде, төртеуі жаттықтырушы. "АК" (Жезқазған қ.) және "Oina tennis" (Сәтбаев қ.) әуесқой клубтары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда біздің спортшыларымыз Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жастар, ұлттық құрама командаларының құрамында жоқ.

2023-2027 жылдар аралығында екі спорт шеберін, үш спорт шеберіне үміткерді және 5 адамды елдің ұлттық құрамаларының тізіміне дайындау міндеті қойылды.

Қажетті құрал-жабдықтарды, мүкәммалды сатып алу, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінің командаларымен матчтық кездесулер және ОЖЖ өткізу жоспарлануда. Іске сыбанып кірісеміз".

Талап Қойбағаров