Ілгеріс айқын көрінуде

09.11.2020

Бүгін теңіз деңгейінен 1600 метр биіктіктен "Ақ Бұлақ" олимпиадалық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) қатысқан кіші ракетканың жас шеберлері Алматыға түсті. Сұрақтарға жасөспірімдер мен кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко жауап береді.

- Спортшыларды жақын арада жарыс болмайтынын білгендеріне қарамастан оларды жаттығуларда қалай және немен ынталандыру керек?

Евгений Тимченко: "Бұл жерде көп күш салу қажет емес еді, өйткені барлығы үстел теннисін қатты сағынған болатын. Көктемде, жазда көбі covid-19-ға байланысты үйде болды және ОЖЖ-ға ойнауға, жаттығуға үлкен ықыласпен келді. Мен, менің әріптестерім Самат Бейсенов, Александр Брижевский, Дмитрий Левенко (онлайн-сабақтар) күн сайын балалармен сөйлесіп, оларды моральдық тұрғыда қолдадық, әсіресе шаршаулары жиналған кезде. Біз алға мақсат қойып, оны орындадық - теннисшілер техникалық, физикалық тұрғыдан өсті.

- ОЖЖ-ға спортшылар қандай жағдайда келді?

Евгений Тимченко: "Кейбір балалардың дене дайындығына байланысты проблемалары болды. Алғашқы уақытта, үстелде ойнау барысында, кейбір ойыншылар дәлдікпен көзге түсе алмады. Жиындардың соңында олар допты сенімді, тұрақты ұстады. Енді олар үйлеріне басқа деңгейде оралады және жұмыстарын жақсы дайындалған күйде жалғастырады. Ілгеріс айқын көрінуде.

Мен теннисшілерге, жаттықтырушыларға жарыстың тезірек басталуын тілеймін".

Талап Қойбағаров