Грузиядан күміс медаль

21.09.2022

Тбилисиде (Грузия) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі өтіп жатыр, онда Армения, Әзірбайжан, Бельгия, Мысыр, Грузия, Голландия, Гонконг, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Тайбэй, Сауд Арабиясы, Мексика, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина, Өзбекстанның спортшылары түрлі жас топтарында өнер көрсетуде. Күміс медаль жеңіп алған 11 жастағы Марлен Жұмағұл (Түркістан) қазақстандықтарды қуантты. Құттықтаймыз! Тбилисиде Марленнің келесі көрсеткіштері бар: № 3 кіші топ, Моххамед Альмусаиб (БАӘ) 3: 0, Рашед (БАӘ) 1:3, ¼ Финал Мате Гамбарашвили (Грузия) 3:1, ½ финал Юсеф Альхавай (БАӘ) 3:2, ал бірінші орын үшін матчта ирандық Фараз Шакибаға жол берді 0:3.

Ширек финалға дейін жеткендер Дінмұхаммед Қасенов (Астана), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Тимофей Герасименко (Астана), 1/8 сатысында тоқтағандар Нұрбол Тоқтамыс (Астана), Бақдәулет Сауырбай (Шымкент), Нұрислам Қасым (Шымкент), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Рамазан Нәзір (Түркістан).

Енді 23-25 қыркүйек аралығында турнирде қыздар ойнайды.


Талап Қойбағаров