Гимназиададан Олимпиадаға дейін

14.05.2022

14-22 мамыр аралығында Франциядағы Нормандияның тоғыз қаласында Әлемнің 70 елінен келетін 16-18 жастағы спортшылардың қатысуымен Дүниежүзілік оқушылар Гимназиадасы (ISF Gymnasiade) өтеді. Қазақстан ISF Gymnasiade - жарыстарында дебют жасайды және 20 қашықтықтың 18 түрінде медальдар үшін күреседі. Үстел теннисінде біздің республиканың атынан Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Дамир Сәрсембай (Алматы), Гузель Торшаева (Ақтау), Абдұлла Мамай (Түркістан), Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды), Темірлан Ким (Қарағанды), Тимофей Герасименко (Нұр-Сұлтан) өнер көрсетеді, жаттықтырушылары Евгений Тимченко және Самат Бейсенов. Үстел теннисінен командалық, жеке, жұптық жарыстар 16-21 мамыр аралығында өтеді.

Талап Қойбағаров