Фремонттан Уэстчестерге

07.05.2022

Зәуреш Ақашева "WTT Feeder" (Фремонт қ., АҚШ) турнирінің 1/32 финалында жапониялық Хано Ёсимотомен кездесіп, оған 2:4 (4:11, 11:3, 11:8, 8:11, 8:11, 8:11) есебімен жол берді. Енді Зәуреш 11-15 мамыр аралығында Фремонттан "WTT Feeder" кезекті жарысы өтетін Уэстчестер округіне (Нью-Йорк штаты) көшеді.

Талап Қойбағаров