Фан Жендонг және ВангМанью Будапеште жеңіс табуда!

22.01.2018

Будапеште Венгрияның Ашық Чемпионаты өтті – бұл чемпионат ағымдағы жылда үстел теннисінен өткен бірінші Әлемдік тур. Дәстүрлі турнир 4 бірдей алтын медальдарын жеңіп алған қытай ойыншыларының қуанышты жеңісімен аяқталды. Жеке жарыстарда Фан Жендонг (әлемнің 2-ші ракеткасы) және Ванг Манью (әлемнің 8-ші ракеткасы) топ жарды.

Венгрияда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко сәтті ойын көрсеткен болатын, ол бес мәрте айқын жеңіске жетіп тек 1/8 финалда болашақ чемпион Фан Жендонгтан (Қытай) жеңіліс тапты.

1. Қытай – (4 алтын,3 күміс,2 қола, жиыны 9)

2. Беларусь – 0-1-0 = 1

3. Швеция – 0-0-2 = 2

4. Бразилия – 0-0-1 = 1

4. Тайбэй – 0-0-1= 1

4. Гонконг – 0-0-1= 1

4. Германия – 0-0-1= 1

Жиыны: 16 медаль