Фан Жендонг, Тимо Болл, Харимото Томакази, Кирилл Герасименко және Алан Құрманғалиев

21.06.2022

Үстел теннисіне арналған кәсіби құрал-сайман эталоны болып табылатын "Butterfly" фирмасы қарағандылық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевпен (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 2 жылдық келісімшартқа қол қойды. 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингтегі көшбасшылық, халықаралық турнирлердегі жарқын жеңістер әлемдік брендтің назарын өзара тиімді әріптестік болатын дарынды қазақстандыққа аударды. Демеушілік көмек, құрал-жабдықтар, спорттық киім Аланға прогреске, жаңа биіктерге жетуге көмектеседі. Үстел теннисінің жұлдыздары Фан Жендонг (Қытай), Тимо Болл (Германия), Харимото Томакази (Жапония), Лю Шивень (Қытай), Кирилл Герасименко (Қазақстан, 2019 жылдан бастап) және тағы басқалары "Butterfly" - мен тығыз ынтымақтастықта екенін атап өткім келеді.

Талап Қойбағаров