Ертіс өңірінің үстел теннисі

10.12.2020

Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің еліміздегі осы олимпиадалық спорт түрін одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Республикалық Федерацияның бас хатшысы Данил Пак Павлодарға жұмыс сапарымен барып, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті. Балалар мен жастар арасында "кіші ракетканы" танымал етудің, үстел теннисімен айналысатын халықты қамтуды ұлғайтудың, материалдық-техникалық базаны нығайтудың, жоғары білікті шеберлерді даярлаудың маңыздылығын талқылап атап өтті. Үстел теннисі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, облыс аудандарында танымал спорт түріне жатады.


Талап Қойбағаров