Ермек Қитаевты еске алуға арналған халықаралық турнир

14.10.2022

Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Астана, Алматы, Шымкент, Қазақстан облыстарынан 250- ден астам спортшылар Павлодарға келіп, 15,16 қазанда №1 Кашыр орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Қитаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі халықаралық турнирде өнер көрсетеді. "Jenimpaz" үстел теннисінің орталығында келесі:

- 39 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер;

- Әйелдер 40 жас және одан жоғары;

- Ерлер 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары жас санаттарында жүлделер мен медальдар ойналады.

Талап Қойбағаров