Екінші рет талпыныс жасаймыз

13.02.2018

2018 жылғы6қазаннан 18 қазанға дейін Буэнос-Айресте (Аргентина) спорттың 31 түріненүшінші жазғы жастар арасында Олимпиядалық ойындар өтеді, оның ішінде үстел теннисі де бар (командалық турнир, ер балалар мен қыздар арасындағы жеке турнир). 2017 жылғы құрлықтық біліктілік алты жарыстардан кейін 14 ер және 14 қыз балалар осы бастан Аргентинаның астанасына билет сатып алуда. Бүгінде қалған 18 орынды толтыру керек және ол үшін «Буэнос-Айрес 2018-ге жол» деп аталатын тартымды атпен әрбір құрлықта бір турнирден ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі күнде чехтың Годонин қаласында іріктеу турнирі басталып кетті, онда Қазақстанның атынан Айдос Кенжегулов (Орал), Зәуреш Ақашева (Қарағанды) шығады. Бірінші матчта Айдос канадалық Хазин Жеремге ұтылды, ал Зәуреш ағылшындық Дениса Райетті жеңіп, хорваттық Андрия Павловичтен ұтылып қалды. Ертең біздің спортшылар Буэнос-Айреске жолдама алу үшін қайтадан екінші рет талпыныс жасамақ.